Жаңалықтар
Желтоқсан оқиғасының куәгерімен кездесу өтті
08 желтоқсан 2025 13:45
Ел Тәуелсіздігі қарсаңында 9-сынып оқушылары үшін тағлымы мол, рухани мәні зор кездесу өтті. Кездесудің құрметті қонағы ретінде «Абай облысы Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Халықаралық және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Эльмира Жүрсінбекқызы шақырылды.
Осыдан 39 жыл бұрын күллі қазақтың рухын серпілтіп, намысын оятып, жігерін қайраған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қонағымыз сол жылдардың естелігімен бөлісті. Небәрі 17 жасында алаңға шыққан қазақ қызының өз ауызынан қайсар да қасіретті күннің шындығын, әділдік пен егемендікке асыққан жастардың ерлігін есту зияткерлерге ерекше әсер қалдырды.
Эльмира Жүрсінбекқызы өткеннің рухын жеткізіп, жастарға ел болашағы үшін батыл қадам жасауға жігер берді.