Жаңалықтар
Public Talk: болашақ көшбасшыларға арналған пікірталас алаңы
03 желтоқсан 2025 17:00
Public Talk оқушылардың алдағы MUN конференциясына қызығушылығын арттыратын маңызды алаңға айналды.
«Қазіргі әлемдегі қақтығыстарды қалай шешуге болады?» тақырыбында өткен кездесуде 7-9 сынып оқушылары белсенді қатысты. Пікірталас алаңынла әр баяндама болашақ көшбасшыларымыздың жаңа креативті ойларын, азаматтық белсенділіктері мен шығармашылық ойлау қабілеттерін жаңа қырынан көрсетті. Түрлі пікір, қисынды сөз бен ұтым ой білдірген кездесу сыни тұрғыда ойлай білетін ұрпақ қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Public Talk үздік спикерлері – Низамова Сафия, Шыңғысбек Дильназ, Русланқызы Индира және Азат Айзере. Олар өздерінің ұтымды әрі жүйелі аргументтерімен және көпшілік алдында сөйлеу шеберліктерімен ерекшеленді