logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушыларымыз XVII Еуразиялық олимпиадада топ жарды

17 желтоқсан 2025 13:40

Информатика пәні бойынша XVII Еуразиялық олимпиадада семейлік жас зияткерлер қатарластарынан оқ бойы оза дараланып, алтын мен қоланы қанжығаға байлады. Алматы қаласында өткен білім додасында 12-сынып оқушысы Әкежан Асқар алтын медаль иегері атанса, 10-сынып оқушысы Арнұр Нұрғазин қола медаль иеленді.

Қорытынды кезеңде Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікжастаннан келген 72 командадан  құралған 216 оқушы қатысқан.

Зияткерлерімізді және олардың жетекшісі Александр Журбенконы марапаттарымен құттықтаймыз! Жарайсыздар!