Жаңалықтар
Абай мұрасы - ұрпаққа өнеге: NIS Семейде ұлы ақынның 180 жылдығына арналған тағлымды форум өтті
15 желтоқсан 2025 18:00
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұлы ойшыл, қазақ руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Жас ұрпақ және Абай мұрасы» атты тағылымды форум өтті.
Форумның шымылдығы Абай өмірі мен шығармашылық жолын арқау еткен «Жас Абай» әдеби қойылымымен түрілді. Ашылу салтанатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева, Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының сирек қор бөлімінің басшысы Жанылгүл Манжибаева, мектеп директоры Ербол Қайнарбаев сөз сөйлеп, мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шараға қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Кездесу аясында халықаралық байланыс та көрініп тапты. Баку қаласынан онлайн қосылған әзірбайжандық ұстаздар Айтен Багиева, Ханым Фаталиева мен Джавахир Мамедова жазушы шығармашылығының түркі әлемдегі рухани маңызы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Форумшыларға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының жылжымалы көрмесі ұсынылды.
Келесі кезекте қала мектептерінің оқушылары қатысқан түрлі танымдық және шығармашылық бағыттағы жұмыстар ұйымдастырылды. Олардың ішінде кітапханада өткен зияткерлік-танымдық кездесу, ақын шығармалары негізінде сахналық көріністер байқауы, зияткерлік ойындар және «Абайды оқы, таңырқа» атты кіріктірілген шаңырақ сағаты өтті. Шаңырақ сағатында оқушылардың ата-апалары мен Абай журналының басшысы Райхан мен "Шәкәрім университетінің" профессоры, әдеби қызметкер Айбар Қадыров бой көрсетті.
Жабылу салтантында сөз алған Райхан Шарапиева бүгінгі форумның маңызына тоқталып, мектеп кітапханасына Абай мүсіні мен журнал-кітап сыйға тартты.