Жаңалықтар
Ерзат Маметаев ICSC 2025 олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті
19 желтоқсан 2025 18:00
Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ерзат Маметаев информатика және компьютерлік ғылымдар бойынша өтетін International Computer Science Competition (ICSC) 2025 халықаралық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті. Зияткеріміз әлемнің ондаған елінен келген дарынды оқушылармен сынға түсіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Шешуші кезеңде Ерзат 30 минут ішінде күрделі алгоритмдік және логикалық бағыттағы тапсырмаларды сәтті орындап, Silver Honour марапатына ие болды. Мұнымен қатар, қазақстандық қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсеткені үшін National Award Kazakhstan номинациясын иеленді.Шәкіртіміз 22 қыркүйек пен 24 қараша аралығында өткен халықаралық доданың үш кезеңінен сүрінбей өткен.
Ерзатты лайықты марапатымен құттықтаймыз! Шығар шыңдарың, бағындырар биіктерің, алар асуларың көп болсын!