logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Семейлік жас информатик екі жыл қатарынан Жәутіков олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

16 қаңтар 2026 08:00

Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті. Халықаралық деңгейдегі беделді білім сайысында оқушымыз Әкежан Асқар информатика пәні бойынша жүлделі I орын иеленді.

Информатика пәні бойынша биыл сайыста 157 қатысушы бақ сынаған. Жарыс IOI (International Olympiad in Informatics) талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, қатысушыларға 3 есепті 5 сағат ішінде орындау тапсырылдған. Есептер C++, Python немесе Java бағдарламалау тілдерінің бірінде жүзеге асырылып, автоматты тексеру жүйесінде бағаланды.

Әкежан екі тур барысында да жоғары нәтиже көрсетіп, күрделі алгоритмдік тапсырмаларды шешуде логикалық ойлау мен практикалық бағдарламалау дағдыларын тиімді үйлестіре білді. Оның еңбегі мен табандылығының нәтижесінде мектебіміз халықаралық деңгейде тағы бір мәртебелі жетістікке қол жеткізді.

Жалпы Жәутіков олимпиадасына математика, физика және информатика пәндері бойынша әлемнің 16 елінен 600-ден астам оқушы қатысты. Олардың қатарында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстаннан келген үздік оқушылар бар.

Жетекшісі: Журбенко А.С.

Лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!