Жаңалықтар
Cемейдегі NIS мұғалімі IMPACT Olympiad байқауының жүлдегері
14 қаңтар 2026 17:00
Мектебіміздің математика пәні мұғалімі Дастан Абдрахманов VIII Халықаралық ашық шығармашылық IMPACT Olympiad байқауында жүлделі II орын иеленді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылатын байқау тәжірибе алмасуға, заманауи әдіс-тәсілдерді көрсетуге, олимпиадалық дайындықтағы педагогтердің шығармашылығы мен кәсіби құзыретін танытуға арналған бірегей алаңға айналған.
Байқаудың негізгі мақсаты – математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды ұстаздар мен олимпиадалық резерв жаттықтырушыларын анықтау, қолдау және ынталандыру.
Ұстазымызды марапатымен құттықтаймыз!