logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Асылбек Құтұмбеков республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды

23 ақпан 2026 10:00

Қарағанды қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар конкурсында мектебіміздің 12-сынып оқушысы Асылбек Құтұмбеков  I-орын иеленді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы байқаудың қорытынды кезеңінде қазылар алқасының назарына 9 секциясы бойынша 293 ғылыми жоба ұсынылып, 370 оқушы өз зерттеу жұмыстарын қорғаған.

Асылбек соңғы үш жыл ішінде 4 ғылыми жобаның авторы атанған. Бұл жолғы зерттеу жұмысы корей лингвомәдени кеңістігіндегі іскерлік коммуникацияның табыстылық критерийлеріне арналды. Жоба Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы іскерлік байланыстарды оңтайландыруға бағытталып, мәдени ерекшеліктерді ескере отырып жасанды интеллект негізіндегі чат-бот моделін әзірлеумен ерекшеленді. Жоба жұмысы пәнаралық сипатқа ие. Ол мәдениеттану, лингвистика және жасанды интеллект салаларын тоғыстырады.

Болашақта зияткеріміз өз зерттеу тәжірибесін кеңейтіп, машиналық аударма саласын жетілдіруге үлес қосуды жоспарлап отыр.

      Менің мақсатым – жасанды интеллект арқылы мәдени контекстті дәл түсінетін модельдер жасау. Яғни, кәсіби мәдениеттанушылар мен аудармашылар сынды мәдени тұрғыдан хабардар AI үлгілерін әзірлеу, - деп атап өтті жас зерттеушіміз.

Шәкірітіміздің ізденісіне мектебіміздің орыс тілі пәнінің мұғалімі Айнур Бодеева жетекшілік жасаған. Сіздерді жетістіктеріңізбен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!