Жаңалықтар
Желілік «Менің Әуезовім...» байқауының қорытындысы
27 ақпан 2026 15:00
«Менің Әуезовім...» атты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ІV желілік әдеби шығармашылық байқауы өтті.
Мектебімізде (20)27 ақпан күні халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің еңбектерін насихаттап, оқушылардың көркем туындыларды сүйіп оқуға ынталарын арттыру;-шығармашылыққа баулу;- оқушылардың бойында әдеби сананы қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани мұраны жаңғырту;- оқушылардың тіл байлығын дамытып, өмірде қолдана білу дағдыларын дамыту мақсатында, дәстүрге айналып келе жатқан, ІV желілік 7-12 сынып оқушылары арасындағы «Менің Әуезовім» атты әдеби-шығармашылық байқауы өтті. Әдеттегідей бұл байқау келесідей бағыттарды қамтыды:
· 7-8-сынып оқушылары арасында «Әуезов шығармашылығынан» атты тақырыпқа жазушы шығармашылығынан көркем сөз оқу байқауы;
· 9-10-сынып оқушылары арасында «Менің Әуезовім...» атты тақырыпта арнау өлең байқауы;
· 11-12-сынып оқушылары арасында «Әуезов ізімен ...» атты тақырыпта шығармашылық байқауы (шағын әңгіме).
Байқау 2 кезеңде өткізіледі: 1-кезең – іріктеу кезеңі (12.01.-13.02.26ж. аралығында әр мектеп өз үздіктерін анықтады); 2-кезең – қорытынды кезең(23.02-27.02.26ж. онлайн).
Байқаудың әділқазылары құрамында елімізге, өңірімізге белгілі ақын-жазушылар, көрнекті майталмандар және де мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері болды.
Байқауға Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Өскемен қалаларынан оқушылар қатысып, 3 бағытта 100-ден аса түрлі шығармашылық жұмыс келіп түсті.
Байқау қорытындысы бойынша
Көркемсөз оқу бағытында:
І орын иегерлері:
Қуаныш Алдияр – NIS IB Астана
Жалаушин Ален – NIS Көкшетау
ІІ орын иегерлері:
Марат Аяулым – NIS Тараз
Сейфулла Сезім – NIS Түркістан
Қилымбекұлы Едіге – NIS Астана
Жақия Ерасыл – NIS Өскемен
Дүйсентай Ділдәр – NIS Алматы-Наурызбай
Думанқызы Айнара – NIS Тараз
ІІІ орын иегерлері:
Сансызбай Ақнар – NIS Астана-Нұра
Әуелбек Әлинұр – NIS Астана-Нұра
Марат Айзере – NIS Түркістан
Ыбырай Әмира – NIS Қарағанды
Нұрлубек Нұрәлі – NIS Өскемен
Жакипов Жасуланбек – NIS Талдықорған
Азатқызы Сабина – NIS Тараз
Ержанова Айлин – NIS Павлодар
Адильбек Сезім – NIS Тараз
Арнау өлеңдер(жас ақындар) бағытында:
І орын иегері:
Абдрасил Кәусар – NIS IB Астана
ІІ орын иегерлері:
Рахманберді Нұрасыл – NIS Шымкент-Қаратау
Қаныбекқызы Айзере – NIS Тараз
Кенжеева Кәусар – NIS Түркістан
Абылай Бибісара – NIS Алматы-Наурызбай
Әлімбай Марғұлан – NIS Алматы-Наурызбай
ІІІ орын иегерлері :
Жарылқасын Кәусар – NIS Шымкент-Қаратау
Серікболқызы Меруерт – NIS Көкшетау
Өтеміс Әсел – NIS Ақтөбе
Аманжол Амира – NIS Көкшетау
Қорғанбек Әсел – NIS Қызылорда
Советбек Жігер – NIS Алматы-Наурызбай
Әңгіме жазу (жас жазушылар) бағытында:
І орын иегерлері:
Оңдақанова Аяжан – NIS Өскемен
Аққожа Жания – NIS Қарағанды
Асылхан Айзере – NIS Тараз
ІІ орын иегерлері:
Абдикул Айару – NIS Шымкент-Абай
Әсембек Іңкәр – NIS Алматы-Наурызбай
Оразалы Аружан – NIS Алматы-Наурызбай
Досан Айсана – NIS Астана
Нұрлан Ұлдана – NIS Қызылорда
ІІІ орын иегерлері:
Кайрбеков Мейрхан – NIS Қостанай
Қасен Шыңғыс – NIS Алматы-Наурызбай
Шаймардан Азамат – NIS Алматы-Наурызбай
Днишева Баян – NIS Астана-Нұра
Яхия Жайна – NIS Шымкент-Қаратау
Ерханат Құралай – NIS Өскемен
Жүлделі орын алған оқушыларға дипломдар, ал осы дәстүрлі байқауымызға ат салысып, шәкірттерін дайындап қосқан барлық жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
Алдағы уақытта байқауға келіп түскен шығармашылық жұмыстар жинақталып, көлемді жинақ ретінде шығару, сонымен қатар командалық нәтижені де есептеп, үздік мектепті де марапаттау мақсаты бар екенін де хабарлаймыз.
Барша байқауға қатысушыларға зор алғыс білдіреміз!
Қатысушылардың марапаттары мен жетекші алғыс хаттарын мына сілтеме https://schools.nis.edu.kz/kk/school/nzm-semei бойынша жүктеп ала аласыздар.
Көркемсөз оқу Әңгіме жазу бағыты Арнау өлең бағыты Алғыс хаттар