logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Семейлік оқушылар халықаралық байқаудан олжалы оралды

30 наурыз 2026 12:00

Елордада жыл сайынғы «Infomatrix-Asia» халықаралық компьютерлік жобалар байқауы өтті. Биылғы іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-нан астам оқушы өтінім білдіріп, солардың ішінен тек ең үздік 600 финалист іріктеліп алынған. Бағы мен бабы келіскен 10 мемлекеттен 250-ден астам команда қатысқан додада Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылары көпшілік назарынан тыс қалмады.  

AI Hackathon бойынша Слямхан Қайрхан, Сүлеймен Гүлім және Асқар Әкежан күміс жүлде иеленді. Applied Science санатында Сұлтангазина Айзере күміс жүлдегер атанса, «Short Movie» бағыты бойынша Мұратқызы Айзере мен Русланқызы Раушан қола жүлдеге ие болды.

Семейлік зияткерлерге Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне білім беру гранты табысталды.

Фотогалерея

image-
image-