logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Семейдегі NIS Таиланд университеттерімен серіктестік орнатты

02 қыркүйек 2026 16:55

25–29 тамыз аралығында Таиландта Kazakhstan Counselor & Agent FAM Trip 2026 халықаралық білім беру туры өтті. Бағдарламаға мектебіміздің кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесшісі Мәди Измаилов қатысып, Таиландтың жоғары білім беру жүйесімен және жетекші оқу орындарының талапкерлерге ұсынатын академиялық мүмкіндіктерімен танысты.

Сапар барысында Қазақстаннан барған білім беру саласының мамандарына Asian Institute of Hospitality Management (AIHM), Asian Institute of Technology, Panyapiwat Institute of Management және Kasetsart University оқу орындарының кампустары мен зертханалары көрсетіліп, олардың білім беру бағдарламалары мен шетелдік студенттерге арналған мүмкіндіктері таныстырылды.

Халықаралық білім беру туры аясында Asian Institute of Hospitality Management (AIHM) және Kasetsart University, Faculty of Engineering at Sriracha оқу орындарымен ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды. Аталған оқу орындары hospitality management, инженерия, цифрлық технологиялар және робототехника бағыттарында білім беру бағдарламаларын ұсынады.

Kasetsart University-мен жасалған меморандум қазақстандық оқушыларға degree programs, certificate programs және short courses форматтарында білім алу мүмкіндіктерін қарастыруға, сондай-ақ университетке түсуге дейін академиялық кеңес пен қабылдау жұмыстарында қолдау алуға мүмкіндік береді.

 

 

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-