logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ерзат Маметаев халықаралық зерттеу байқауында І орын иеленді

23 қыркүйек 2026 14:45

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ерзат Маметаев экономика саласында жазған зерттеу мақаласымен International ThinkLab Research Competition 2026 халықаралық байқауында І орын иеленді.

Байқауды жас зерттеушілерге өз ғылыми жұмыстарын ұсынуға мүмкіндік беретін халықаралық студенттік академиялық платформа ThinkLab Journal ұйымдастырды. Платформа оқушылар мен студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға, академиялық жазу мәдениетін қалыптастыруға және ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Байқау қорытындысы бойынша Ерзатқа 250 АҚШ доллары көлемінде ақшалай жүлде, сондай-ақ білім беру курстарына арналған жеңілдіктер табысталды.