logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Ұлылар мекеніне саяхат»: рухани мұра және жаңа ортаға қадам

27 қыркүйек 2026 17:00

NIS Semey жатақханасында 7-сынып оқушыларына арналған «Ұлылар мекеніне саяхат» атты танымдық саяхат-қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Абай Құнанбайұлының рухани мұрасымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жаңа оқушылардың жатақхана өміріне бейімделуіне ықпал ету.

Сапар барысында оқушылар Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи-мәдени орындармен танысып, ұлы тұлғалардың рухани мұрасы туралы мағлұмат алды. Тарихи орындарға саяхат жасау арқылы оқушылар туған өлкенің тарихын тануға, ұлттық мұраны құрметтеуге және оны бағалауға бағытталды.

Танымдық бағдарламамен қатар, жаңа 7-сынып оқушыларын жатақхана ұжымына қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. Оқушылар бір-бірімен танысып, достық қарым-қатынас орнатып, жатақханадағы ортақ құндылықтар мен дәстүрлер туралы ақпарат алды.

Іс-шара барысында отансүйгіштік, жауапкершілік, құрмет, адалдық, еңбекқорлық, ашықтық және отбасы құндылықтары дәріптелді.

«Ұлылар мекеніне саяхат» оқушылардың тарихи санасын қалыптастырып қана қоймай, жаңа ортаға бейімделуіне және жатақхана ұжымының бірлігін нығайтуға бағытталған мазмұнды іс-шара болды.

 

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-