Жаңалықтар
MUN-2025: оқушылардың халықаралық тәжірибе алмасуы
20 ақпан 2025 09:01
2025 жылдың 13-15 ақпан аралығында 11-сынып оқушылары Georgetown University ұйымдастырған дәстүрлі MUN конференциясына қатысып, мол тәжірибемен оралды. Катар мемлекетінің астанасы Дохада өткен конференцияға 27 халықаралық мектептен 1200-ге жуық қатысушы бас қосқан.
Еркін пікір сайыс алаңы оқушылар үшін тек академиялық тұрғыдан ғана емес, жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуына үлкен ықпал етті. Олар келіссөздер жүргізуді, өз ойларын еркін, нақты әрі дәйекті жеткізуді, әр елден келген қатысушылармен топ болып жұмыс істеуді меңгерді. Білім алушыларға әрбір сессия мен пікірталас ғаламдық мәселелерді тереңірек талқылап, олардың шешу жолдарын анықтауға көмектесті.
Зияткерлеріміз үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатарластарымен танысып, түрлі мәдениет пен ұлт өкілдерімен байланыс орнату аталмыш конференцияның ең құнды бөлігі болды.