Мектеп туралы
НЗМ Шымкент-Абай
НЗМ Шымкент-Абай
2013 жылдың 18 ақпанында Шымкент қаласы Абай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Бұл мектеп 2008 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «20 Зияткерлік мектеп» жобасы аясында құрылды. Мектептің мақсаты – терең білім беру арқылы болашақ көшбасшыларды тәрбиелеу және оқушылардың ғылыми-техникалық қабілеттерін дамыту.