logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Шымкент қаласы Абай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды

08 қазан 2025 15:22

Шымкент қаласы Абай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды.

Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып Тұрарбеков Дулат Мұратбекұлы ресми түрде қызметіне кірісті.
Дулат Мұратбекұлы педагогика саласында 18 жылдық тәжірибесі бар, оның ішінде 3 жыл басшылық қызмет атқарған. Ол NIS жүйесіндегі қызметін Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Сонымен қатар, Астана, Орал және Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары лауазымдарын атқарған.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-