logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Халықаралық аренадағы тарихи жеңіс

19 маусым 2026 15:26

Шымкент қаласы Абай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құралған Atomic Heart командасы АҚШ-тың Кентукки штатының Лексингтон қаласында өткен беделді Run for the Robots халықаралық жарысында зор жетістікке жетіп, Inspire Award 1 жүлделі орнын иеленді.

Inspire Award – жарыстағы ең жан-жақты, ең үздік командаға берілетін ең беделді марапаттардың бірі. Бұл атақ робот құрастыру шеберлігі, бағдарламалау деңгейі, инженерлік ойлау, жобалық құжаттама, презентация және қоғамға қосқан үлес сынды көптеген көрсеткіштер бойынша үздік танылған командаға табысталады.

Atomic Heart командасы өздерінің жоғары кәсібилігін дәлелдеп қана қоймай, Қазақстанның инженерлік білім беру әлеуетін халықаралық деңгейде таныта білді.

Бұл жеңіс – мектеп үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін үлкен мақтаныш!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-