logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

2026 жылғы түлектерге аттестат табысталды

23 маусым 2026 09:42

Шымкент қаласы Абай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2026 жылғы түлектерге аттестат табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Биыл мектепті 11 бітіруші сыныптан 155 түлек аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Олардың ішінде 1 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 13 түлек үздік аттестатқа ие болды. Бұл – оқушылардың жылдар бойғы қажырлы еңбегі мен ұстаздардың кәсіби қолдауының нәтижесі.

Салтанатты жиында мектеп басшылығы түлектерді маңызды белеспен құттықтап, олардың алдағы білім жолы мен өмірлік мақсаттарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ата-аналар мен педагогтерге шәкірттердің жан-жақты дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.

Аттестат – білім жолындағы маңызды кезеңнің аяқталып, жаңа мүмкіндіктерге бастар жолдың бастауы. Зияткерлік мектептің түлектері алған білімдері мен қалыптасқан құндылықтарын ел игілігі жолында пайдаланып, биік белестерді бағындыратынына сенім мол.

Жас түлектерге жарқын болашақ, толайым табыс және армандарына жету жолында сәттілік тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-