logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылардың стартап-жобасы Үндістанда инвесторлардың қолдауына ие болды

10 ақпан 2025 13:54

Қазақстандық жас өнертапқыштар Үндістанда өткен High School Startup League халықаралық байқауында өздерінің Momentum AI жобасын таныстырып, 2000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартты. Momentum AI – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін инновациялық бағдарлама. Ол компьютердің жұмыс үстеліндегі файлдарды автоматты түрде сұрыптап, пайдаланушылардың уақытын үнемдеуге көмектеседі. Қазақстандық команданың құрамында Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепің 2 оқушысы – Кирилл Ким, Алибек Усипбаев болды. Сондай-ак, бұл жобаны жасауға 10-сынып оқушысы Нұрасыл Жұмахан да атсалысқан.  Сонымен қатар, Астанадағы NIS IB мен физика-математика бағытындағы NIS оқушылары, сондай-ақ Өскемендегі №47 мектептің, Екібастұз қаласындағы Білім-Инновация лицейінің және Астанадағы «NURORDA» мектеп-лицейінің шәкірттері бар. Стартап-жобаларды қорғаудың ақтық кезеңі 2025 жылдың қаңтар айының соңында Үндістанның Гурагон қаласында өтті. Бұл бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген 15 команда өз IT-жобаларын инвесторлар алдында таныстырды. Алайда, қаржылай қолдауға тек үздік 30% командалар ғана ие болды.