logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Тірек мектептердің кітапханашыларына арналған семинар-тренинг өтті

12 наурыз 2025 16:30

Мектеп кітапханасының оқушылардың білім мен шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырудағы рөлі ерекше. Осы орайда, бүгін «Оқуды насихаттауда шығармашылық әдіс-тәсілдер арқылы, мектеп кітапханасындағы инновациялық жұмыс формаларын дамыту» тақырыбында тірек мектептердің кітапханашыларына арналған семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – кітапханашыларға оқуды насихаттаудың заманауи әдістері мен шығармашылық тәсілдерін ұсыну, инновациялық жұмыс формаларымен таныстыру. Семинар барысында қатысушылар мектеп кітапханасын оқушылардың сүйікті орнына айналдыру жолдары, креативті жобалар ұйымдастыру, цифрлық ресурстарды пайдалану және оқырмандармен жұмыс істеудің тиімді стратегиялары туралы тәжірибе алмасты.

Семинар соңында қатысушылар кітапхана жұмысын жаңғыртуға бағытталған тың идеялар мен жаңа білім алып, өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.