logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушыларымыз қалалық спорттық сайыстарда топ жарды

26 наурыз 2025 16:54

Ақпан және наурыз айларында қала оқушылары арасында түрлі спорттық сайыстар өтті. Біздің оқушыларымыз да өз бақтарын сынап, өнерлерін көрсетті.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан 156 шахматшы қатысқан шапшаң шахмат турнирінде біздің оқушыларымыз үздік нәтиже көрсетті. Шахматтан 9-11 сынып арасында ІІ орын алған оқушыларымыз:
• Қамытбек Заңғар
• Қойлыбай Мағжан
• Айдар Темірлан
• Серікбай Әмина
• Шаяхмет Іңкәр 

Ал 7-8 сынып арасында І орын алған оқушыларымыз:
• Джусипбеков Нурислам
• Сеңкібай Асылмұрат
• Сатыбалды Бақберген
• Айдар Айдана 

Айта кетсек, Айдар Айдана 9 ойынның 9 жеңіспен аяқтап үздік ойыншы атанды.

Сонымен қатар, Білім басқармасы әдістемелік орталығы мен Оқу-ағарту министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған республикалық баскетбол жарысында NIS ұлдар баскетбол командасы 2-орынға ие болды!

Фотогалерея

image-
image-