Жаңалықтар
Оқушыларымыз республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті
28 наурыз 2025 16:25
Алматы қаласында 9-11 (12) сыныптар арасында география мен математика пәнінен өткен республикалық олимпиадада Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қанат Серікбай, Арсен Сыдыков және Микаэль Почукаев география пәні бойынша 1-орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды!
Бес күнге созылған білім додасына еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік 324 оқушы қатысып, өз білімдерін теориялық және практикалық түрлерде сынады. Олимпиада жеңімпаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдары және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.
Оқушыларымызды және жетекшілерін құттықтаймыз!
Айта кетсек, NIS құрама командасы 14 алтын, 9 күміс және 5 қола медальға ие болды.