Жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар Lucky International School мектебінде (Джодпур, Үндістан)
03 сәуір 2025 14:25
“Серіктес мектептері” жобасы аясында қазақстандық оқушылар Үндістанның Джодпур қаласындағы Lucky International School мектебіне келді. Бұл сапар оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынасын нығайтып, білім алмасу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
Бағдарлама барысында оқушылар жергілікті мектептің оқу жүйесімен танысып, әртүрлі пәндер бойынша бірлескен сабақтарға қатысады. Сондай-ақ, Үндістанның бай мәдени мұрасымен танысып, тарихи орындарға саяхат жасайды.
Бұл сапар – екі ел арасындағы білім беру ынтымақтастығын дамытуға бағытталған маңызды қадам. Оқушылар үшін жаңа білім мен тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік болмақ.