Жаңалықтар
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік концерт өтті
11 сәуір 2025 17:30
Көктемнің келуімен қатарлас келген ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы мектебімізде кең көлемде аталып өтті. «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барша қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрлерімізді дәріптеді. Қазақтың құндылығын ұлықтайтын ұлттық тағамдар ұсынылып, қонақтарға наурызкөже таратылды. Домбырамен күй шертіліп, ән шырқалды, мың бұралған би де көрермен көңілінен шықты.
Сонымен қатар, шара барысында мектеп директоры кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті. Наурыз — жаңа бастамалар мен бірліктің мерекесі. Осы орайда, барша ұжымға, ата-аналар мен оқушыларға құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!