Жаңалықтар
Ұстаздарымыз ауыл мектептеріне барып, Зияткерлік мектептің мүмкіндіктерін таныстырды.
20 қараша 2025 15:26
Алғаш болып математика пәні мұғалімі Айгүл Шөкебаева үш мектепте қатарынан НЗМ білім беру жүйесімен таныстыру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда: Толыбай Батыр атындағы №66 жалпы білім беретін мектеп, «Тұран» №555 ЖШС және Асқар Сүлейменов атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп. Кездесу барысында мұғалім оқушыларға критериалды бағалау, олимпиадалық дайындық жүйесі және пәнді тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен бірге, география пәні мұғалімі Нұрсәуле Пернебек Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округіндегі №20 С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздарымен және оқушыларымен кездесіп, Зияткерлік мектептің оқу үдерісі, материалдық-техникалық базасы және үйірмелік бағыттары жайлы толыққанды таныстырылым жасады. Сондай-ақ оқушыларға NIS жүйесінде білім алудың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіріп, мотивациялық кеңестер берді.
Бұл сапар ұстаздар мен оқушылар үшін білім тәжірибесімен бөлісудің, жаңа идеялар мен серіктестік қарым-қатынасты қалыптастырудың тиімді алаңы болды. NIS Shymkent–Qaratau мектебі алдағы уақытта да өңір мектептерімен ынтымақтастықты жалғастырып, білім сапасын арттыруға үлес қоса бермек.