logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Түркістан облысы бойынша 16 тірек және магнитті мектептердің ұстаздарына арналған семинар-тренинг өтті

20 қараша 2025 16:45

Бүгін Түркістан облысындағы 16 тірек және магнитті мектептердің мұғалімдеріне арналған ауқымды семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру тәжірибелерімен бөлісу және өзара тәжірибе алмасу алаңын құру.

Тренинг NIS Шымкент–Қаратау және Педагогикалық шеберлік орталығының (ПШО) бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Қатысушылар оқыту мен бағалаудың тиімді әдістері, оқушы әлеуетін дамыту жолдары, инновациялық педагогикалық тәсілдер бойынша практикалық сабақтарға қатысты.

Семинар барысында ұстаздар жаңа идеялармен танысып қана қоймай, өзара байланыс орнатып, кәсіби қауымдастықты кеңейтуге мүмкіндік алды.