logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Халықаралық Kahoot ойыны: Зияткерлік сайысқа 50 елден 2500 қатысушы қатысты

13 қараша 2025 11:55

Бүгін мектебімізде онлайн форматта өткен халықаралық Kahoot ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін ерекше білім сайысына айналды. Әлемнің 50 елінен жиналған 2500 қатысушы өзара бәсекеге түсіп, білім мен жылдамдықты талап ететін қызықты интеллектуалдық ортада бақтарын сынады.

Kahoot ойыны – оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, логикалық ойлау жүйесін жетілдіруге, тез шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған халықаралық платформа. Бүгінгі сайыс та осы мақсаттарды толық жүзеге асыра білді.

Зияткерлік бәсеке барысында оқушылар түрлі пәндер бойынша күрделі сұрақтарға жауап беріп, өз білім деңгейін халықаралық қатысушылармен салыстыруға мүмкіндік алды. Әрбір қатысушы өз шеберлігін көрсетіп қана қоймай, жаңа тәжірибе жинақтап, әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқушылармен байланыс орната алды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларды жоғары нәтижелерімен құттықтап, осындай халықаралық ойындар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыратынын, олардың әрі қарай дамуына зор ықпал ететінін атап өтті.

Халықаралық Kahoot ойыны – тек жарыс қана емес, сонымен қатар жас буынның әлеуетін ашуға, XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталған пайдалы алаң. Мектебіміздің оқушылары бұл тәжірибеден үлкен әсер алып, алдағы уақытта да осындай зияткерлік шараларға белсенді қатысуға мотивация алды.