logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

9-сынып оқушылары үшін “100 кітап” жобасы аясында "Socratic Seminar" өткізілді

24 қараша 2025 17:15

Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында “100 кітап” жобасы шеңберінде Socratic seminar форматындағы талқылау ұйымдастырылды. Іс-шараның басты тақырыбы — әлемдік әдебиеттің классикалық туындысы “The Little Prince” шығармасы болды.

Семинар барысында оқушылар кітаптағы негізгі ойды, автордың философиялық тұжырымдарын, кейіпкерлердің символдық мағынасын және оқиға желісіндегі маңызды тұстарды талқылады. Қатысушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, сұрақтар қою арқылы талқылауды тереңдетіп, шығарманы әр қырынан түсінуге мүмкіндік алды.

“The Little Prince” кітабын талқылау балалардың сыни ойлау, әдеби талдау және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамытуға үлкен серпін берді. Сонымен қатар, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, өмірлік құндылықтар жайлы ойлануға жол ашты.


Фотогалерея

image-
image-