logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектебімізде жоғары мектепте оқытылатын бейіндік пәндердің ерекшеліктерімен таныстыру шарасы өтті.

08 желтоқсан 2025 16:34

Бұл кездесудің негізгі мақсаты – 10-сынып оқушыларына алдағы оқу кезеңіндегі бейіндік пәндердің мазмұны, мақсаттары және оларды оқытудың ерекшеліктері туралы толық ақпарат беру.

Шара барысында пән мұғалімдері әр бағыттың маңыздылығын, болашақ мамандық таңдаудағы рөлін және оқыту талаптарын түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес бағыттарды анықтауға мүмкіндік алды.

Бұл таныстыру жұмысы жоғары сыныпқа қадам басқан оқушыларға саналы таңдау жасауға, болашаққа нақты жоспар құруға бағытталған маңызды шара болды.


Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-