logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Арт-Фестиваль нәтижесі бойынша оқушыларымыз мюзикл бағытында “Үздік өзіндік сценарий” номинациясына ие болды

31 қазан 2024 15:15

Мектебіміздің оқушылары сахналаған қойылым қазіргі қоғамда кең таралған әлеуметтік желіге, түрлі гаджеттерге және ойындарға тәуелділік мәселесін тереңнен қарастырды.

Виртуалды әлемнің шырмауына түскен оқушыларға тарихпен танысу арқылы шынайы құндылықтарды насихаттады.

Сюжет арқылы өткен замандардағы тарихи оқиғалар мен тұлғалардың өмірі, олардың ерлігі мен ұлтқа деген сүйіспеншілігі оқушыларға үлгі ретінде ұсынылды.

Осылайша қазылар алқасының көңілінен шығып, оқушыларымыз “Үздік өзіндік сценарий” номинациясына ие болды.

Олжас Уәлханов жетекшілік ететін “Актерлық шеберлік” үйірмесінің оқушыларын желілік байқаудағы жетістігімен құттықтаймыз!