logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

11-сынып оқушысы Тоғжан Ташқұл халықаралық тілдер сайысында І орынды жеңіп алды

08 қазан 2024 14:15

Сайыс Қатар астанасы Дохада өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды жастардың басын қосты. Халықаралық сайыс төрт бағыт бойынша қатысушылардың білімін тексерді, оның ішінде тілдік құзыреттілік, жазу шеберлігі, мәдени білім және тілдік талдау дағдылары бар. Тоғжан әр бағытта өз біліктілігін дәлелдеп, барлық сынақтан жоғары нәтижемен өтті.

Ағылшын тілін жетік меңгірген Тоғжанға болашақта да табысқа жетіп, білімін тереңдете беруін тілейміз!