logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Елордада ата-аналар Кеңесінің екінші отырысы өтті

09 қазан 2024 15:26

Елордада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасы жанындағы ата-аналар Кеңесінің екінші отырысы өтті.

Өңірлерден келген NIS ата-аналар комитеттерінің өкілдері бас қосқан жиында білім беру үдерісін одан әрі жақсарту, оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы ортаны қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп қоғамдастығын дамыту жөніндегі мәселелерге басымдық берілді.

Отырыс барысында Кеңестің жаңа басшысы сайланды. Ол қызметке біздің мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Жомарт Омаров тағайындалды.