Жаңалықтар
Лаура Байтокаеваның Lesson Study зерттеу жұмысы: 7-сынып оқушыларының зерттеу қабілеттерін дамыту
13 қазан 2024 15:59
Мектеп директоры Лаура Байтокаеваның зерттеу жұмысы CAMTREE цифрлық кітапханасында Lesson Study әдістемесі бойынша жарияланды. Бұл зерттеуде 7-сынып оқушыларының зерттеу қабілеттерін дамыту мақсатында шағын әңгімелерді қолданудың тиімділігі қарастырылған.
CAMTREE (Cambridge Teacher Research Exchange) — бұл педагогтерге білім беру саласындағы әлемнің үздік зерттеулеріне қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатын платформа.
Лаура Серікболқызының жұмысы оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына және олардың зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Шағын әңгімелер арқылы оқушыларды қызықтыру олардың ойлау қабілетін дамытып, мәселелерді терең зерттеуге ынталандырады, балалардың өз бетімен ізденуіне, сыни тұрғыдан ойлауына және оқу материалын тиімді қабылдауына оң әсерін тигізетінін көрсетті.