Жаңалықтар
“Даналық бейсенбі” жобасы аясында кезекті кездесу өтті
10 қаңтар 2025 11:17
2021 жылғы түлектер Жұбандық Гүлдана (Назарбаев Университетінің студенті) және Конищев Ян (New York University-дің студенті) мектебіміздің 10, 11, 12-сынып оқушыларымен жүздесті.
Кездесу барысында түлектер өз университеттеріндегі оқу үдерісі, мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар, шетелдік және қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшеліктері туралы бөлісті. Олар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, халықаралық гранттар, академиялық мүмкіндіктер мен жеке тәжірибелерімен бөлісті.