logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері тәжірибе алмасуда

17 қаңтар 2025 16:15

Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты Ибрагим Ата атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ашық есік күні» және Шымкент қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу семинары өткізілді

Шараның басты мақсаты – мектеп ұжымында психологиялық ахуалды жақсарту, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу, оқытудың сапасын арттыру.

НЗМ ұстаздары семинар сабақ өткізді. Сонымен қатар, конкурсттық іріктеуге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Келесі кезекте Ибрагим Ата атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Ф.Исмайлова мектеп мұғалімдерімен психологиялық тренинг ұйымдастырып, жағымды көңіл-күй сыйлады.
Аталған шарада осы мектептің “Қолөнер” және шахмат үйірмелерінің жетекшілері үйірме сабақтарын көрсетті.
Семинар қатысушылары арасында дөңгелек үстел өтіп, оқытудың тиімді әдістері талқыланды.