Жаңалықтар
“Даналық бейсенбі” жобасы аясындағы кездесу
17 қаңтар 2025 15:09
Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы, атақты суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 121 жыл толуына орай мектебімізде ерекше шара өтті. “Даналық бейсенбі” жобасы аясында оқушылармен кездесуге белгілі суретші Расильбек Абделиевич Естемесов келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында қонағымыз ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, қызықты шеберлік сағатын өткізді. Сонымен қатар, оқушыларға өз қолтаңбасын қойып, суреттерін сыйға тартты.
Бұл шара оқушылар үшін үлкен мотивацияға айналып, қазақ өнерінің бай мұрасын терең түсінуге мүмкіндік берді.