Жаңалықтар
Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті
28 қаңтар 2025 17:15
Жиналысты директордың орынбасары Абылай Қыстаубайұлы күн тәртібіндегі мәселелермен таныстыра отырып ашты.
Мектеп директоры Лаура Серікболқызы өз сөзінде Зияткерлік мектептің даму жоспарын, халықаралық ынтымақтастықтың арқасында мектеп деңгейінің өскенін, сондай-ақ оқушылардың айтарлықтай жетістіктерін атап өтті.
Шара барысында білім беру мәселелері мен ғылыми жобалар талқыланды. Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңестің жаңа мүшелері тағайындалды.