Жаңалықтар
2025 жыл — жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны жөнінде Президенттің бастамасы аясында мектепте “NIS Talks» жобасы ұйымдастырылды.
31 қаңтар 2025 16:17
2025 жыл — жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны жөнінде Президенттің бастамасы аясында мектепте “NIS Talks» жобасы ұйымдастырылды. Бұл жоба мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ олардың болашақта таңдауы мүмкін кәсібіне бағыт-бағдар беру мақсатында өткізілді.
Кездесуге ата-аналар спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар әртүрлі жұмысшы мамандықтар жайында әңгімелеп, балаларға кәсіби бағыт-бағдар беру үшін қажетті дағдылар мен білім туралы сөз қозғады. Ата-аналардың сөздері оқушыларға көп нәрсені түсінуге, өз болашақ мамандықтарын таңдау барысында дұрыс шешім қабылдауға ықпал етері сөзсіз.
Бұл іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызды рөлі туралы түсінік қалыптастырды.
Жиын соңында ата-аналар комитетінің төрағасы Омаров Жомарт Шайхыбекович сөз алып, спикер ата-аналарға алғыс білдіріп, оқушыларға мамандық таңдау бойынша өз кеңесін берді.