logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ата-аналар спартакиадасы сәтті аяқталды

25 ақпан 2025 10:54

Бекзат Саттархановты еске алуға арналған «Қазақтың батыр барысы» спартакиадасы сенбі күні сәтті аяқталды. Жарысқа Қызылорда, Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ата-аналары қатысты.

Командалар волейбол, үстел теннисі, шахмат, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ және садақ ату сияқты спорт түрлерінде күш сынасты. Нәтижесінде мектеп ата-аналары керемет ойын көрсетіп, жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленді. Атап айтқанда, шахматтан І орын, волейбол, үстел теннисі мен ләңгі тебуден ІІ орын, ал садақ ату сайысынан ІІІ орын алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арасындағы командалық рух пен ынтымақтастық ерекше байқалды.