logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мархабат Байғұттың 80 жылдығы Шымкент қаласындағы NIS мектебінде аталып өтті

26 ақпан 2025 11:31

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұттың 80 жылдық мерейтойы Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кеңінен атап өтілді.

Мерейтой барысында NIS "Кітаптар шеңберінде" жобасы аясында "Оқырман отбасы" отбасылық оқу клубының тұсауы кесіліп жазушының шығармашылығына арналған әдеби кештер, пікірталастар және арнайы көрмелер ұйымдастырылды.

Оқушылар мен ата-аналар Мархабат Байғұттың “Интернаттың баласы” шығармасын талқылап, ұлттық болмыс, адамгершілік құндылықтар мен заман шындығы жайлы ой бөлісіп, оның әдеби мұрасын талдады.Жиынды журналист, жазушы Ғалымжан Елшібай жүргізді.

Жоба жас ұрпақты әдебиетке баулу, қазақ әдебиетінің алтын қорына енген шығармаларды дәріптеу мақсатында өткізілді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-