logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Теориядан практикаға: іс-әрекетті зерттеуді біріктіру білім беру нәтижелерін қалай жақсартады

16 қаңтар 2025 17:28

Қазіргі заманғы технологиялар білім беру жүйесін тиімді жаңғырту үшін жаңа көкжиектер ашады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын үздік халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Осы тұрғыда Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі әкімшілігінің Ұлыбританияға сапары осы мақсаттарды іске асырудағы маңызды қадам болды.

Мектеп директоры Виктор Сосин және оның ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Назгүл Шаймерденова Кембридж округінде орналасқан 80 жылдық тарихы бар Bottisham Village College орта мектебінде өткен «Мектеп және сынып деңгейінде білім беру практикасын дамыту үшін практикалық зерттеулерді интеграциялау» семинарына қатысты.

Сапар Action Research принциптеріне сәйкес келетін бірнеше негізгі мақсаттарға жетуге бағытталды.

Ұлыбританияға бару және семинарға қатысу тәжірибе алмасудың маңызды қадамы болды.