logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Талдықорған мұғалімдері – «IMPACT Olympiad» байқауының жүлдегерлері

21 қаңтар 2025 17:35

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ельнур Саят impact Olympiad халықаралық ашық шығармашылық байқауының абсолютті жеңімпазы атанып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігін көрсетті.

Олимпиадада екінші орынды информатика пәнінің мұғалімі Равиль Рамазанов жеңіп алды, ол да ерекше нәтижелер мен шығармашылық көзқарасты көрсете білді.

Олимпиадаға Қазақстан мен шет елдерден келген 176 дарынды математиктер, информатиктер мен физиктер қатысты, бұл бәсекелестіктің жоғары деңгейі мен осы іс-шараның маңыздылығын білдіреді.

IMPACT Olympiad - бұл жарыс қана емес, сонымен қатар оқушыларын олимпиадаға дайындайтын мұғалімдер мен жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасу үшін кәсіби алаң.