logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Еңбек жылы: жастар үшін таңдау

07 ақпан 2025 18:10

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шара оқушыларға әртүрлі мамандықтармен танысуға және болашақ мансап жолдары туралы түсінік алуға бірегей мүмкіндік берді.

Жәрмеңкеге құрылыс инженерлері, Жоңғар-Алатау қорығының ғылыми қызметкерлері, заңгерлер, сәулетші-дизайнерлер, фельдшерлер, әскери қызметкерлер, банк қызметкерлері және кәсіпкерлер сияқты көптеген кәсіптердің өкілдері қатысты. Олардың әрқайсысы өз тәжірибелерімен бөлісті, өз жұмысының қыр-сырын, қажетті дағдыларды және таңдалған саладағы перспективаларды айтты.

«Әр түрлі сала өкілдерімен кездесу мамандық таңдауға айтарлықтай әсер етті. Кәсіби мамандармен тікелей сөйлесу, сұрақтар қою және кеңестер алу мүмкіндігі көпшілігімізге қандай мамандық жақын екенін және мақсаттарымызға жету үшін қандай қадамдар жасау керектігін жақсы түсінуге көмектесті. Мысалы, маған әскери сала өте қызықты», - дейді 11 - сынып оқушысы Айсұлтан Әуелбай.

Анель Жомартқызы, 11-сынып оқушысы: «Мен айти пен инженерия арасында ұзақ ойланып жүрген болатынмын. Бірақ инженерлік маманмен сөйлескеннен кейін нақты қай салада әрі қарай жалғастыратынымды түсіндім. Сонымен қатар көптеген пайдалы ақпарат алдым және өз таңдауыма сенімдімін».

Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы кәсіби білім берудің және жастарды қазіргі еңбек нарығының талаптарына дайындаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Кәсіптер жәрмеңкесі сияқты іс-шаралар оқушылардың таңдауына, қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын білікті мамандардың саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.