logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қалалық шахмат жарысы NIS - те өтті

20 ақпан 2025 18:35

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында шахматтан қалалық жарыс өтті. Бұл зияткерлік жекпе-жекке №20 лицейден, №9 мектептен, №125 мектептен және NIS-тен жас шахматшылар қатысты. Жарыс өздерінің дағдылары мен стратегиялық ойлауын көрсеткен үздік ойыншыларды жинады.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған:

I орын: НИШ — Мухаметқали Жайыл, Фархадұлы Амир, Нұрхамит Әмина

II орын: НИШ — Меңдібек Әлтаир, Ауелбай Айсұлтан, Болатбай Нурикамал

III орын: №20 лицей — Мұрат Нұрбек, Муджаев Нұрсұлтан, Тойлыбай Іңкәр.

Жеңімпаздардың бірі Мұхаметқали Жайыл өз әсерімен бөлісті:

 — Бұл жарысқа біз жақсы дайындалдық және қолымыздан келгеннің бәрін көрсете алдық. Шахмат - ойын ғана емес, сонымен қатар логика мен стратегиялық ойлауды дамыту мүмкіндігі.

№20 Лицей  командасының жаттықтырушысы өз сөзінде шахмат тек жеңіске жетіп қана қоймай, жеңілістерді абыроймен қабылдауға үйрететінін атап өтті.

Жарыс жас шахматшылар үшін өз таланттарын көрсетуге және мектептер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға тамаша мүмкіндік болды.