logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Талдықорғанның NIS оқушылары Катардағы Халықаралық конференциясына қатысты

21 ақпан 2025 18:41

13-15 ақпан аралығында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Джорджтаун университеті ұйымдастырған БҰҰ моделінің (MUN) XX Халықаралық конференциясына қатысты. MUN конференцияларында оқушылар климаттың өзгеруі, тұрақты даму, халықаралық қауіпсіздік және адам құқықтары сияқты маңызды тақырыптарды қамтитын оннан астам комитеттерде жаһандық мәселелерді талқылады.

Әрбір конференция өзінің жаһандық тақырыптарын көтереді, онда комитеттер Бас ассамблея, қауіпсіздік кеңесі және адам құқықтары жөніндегі Комитет сияқты БҰҰ-ның нақты органдарының жұмысын модельдейді. Біздің делегаттар өз идеяларын сенімді түрде білдіру және дипломатиялық әдістерді, соның ішінде іскерлік ағылшын тілін білуді қолдану арқылы топтық жұмыстың тамаша дағдыларын көрсетті.

Іс-шараға 20 Комитеттің атынан қатысқан әр түрлі елдерден 1300 делегат жиналды.

— UN моделіне қатысу керемет тәжірибе болды. Біз маңызды әлемдік мәселелерді талқылап қана қоймай, командада жұмыс істеуді үйрендік, — деп бөлісті делегаттардың бірі Марат Алдарберген.