Жаңалықтар
NIS жұлдыздары
30 наурыз 2025 19:20
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Болат Ақжол мен Рамиль Имашев жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада география пәнінен екі алтын медаль жеңіп алды.
Жарыс Қазақстанның үш қаласында – Ақтау, Астана және Алматыда өтті. NIS оқушылары олимпиаданың барлық кезеңдерінде жоғары дайындық пен тамаша нәтижелер көрсетті.
Айта кетсек, NIS құрамасы республикалық олимпиадада тағы да үздік деп танылды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда-2025» номинациясы бойынша сегізінші рет жеңімпаз атанды.
Олимпиаданы ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырды.