Жаңалықтар
Хабарландыру
25 мамыр 2026 09:06
Құрметті ата-аналар!
Талдықорған қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына 2026–2027 оқу жылына жатақханадан орын беру үшін құжаттарды қабылдау екі ағымда жүргізілетінін хабарлаймыз.
Бірінші ағын: 2026 жылғы 1 маусымнан 12 маусымға дейін.
15–19 маусым аралығында комиссия өтініштерді қарайды, ал 19 маусымда Комиссия шешімі мектеп сайтының «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланады. Заңды өкілдер нәтижемен сайт арқылы таныса алады.
Екінші ағын: 2026 жылғы 18 тамыздан 24 тамызға дейін.
25–26 тамыз аралығында комиссия өтініштерді қарайды, ал 27 тамызда заңды өкілдерге қарау нәтижелері туралы хабарланады.
Оқушының заңды өкілі жеке электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, https://otinish.nis.edu.kz/ платформасы арқылы жатақханаға өтініш бере алады.
Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесімен https://schools.nis.edu.kz/kk/school/nzm-taldyqorgan/news/2217?parent_menu=4&menu=4 сайтында таныса аласыздар.
Бейне нұсқаулық: https://youtu.be/1rNFJvxkH3Y
Байланыс телефондары:
Қабылдау бөлмесі: 8 (7282) 40 00 51
Жатақхана: 8-771-882-17-44