logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Сәт сапар, жас түлек!

22 маусым 2026 20:00

🎓 Талдықорған қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 110 түлегі бүгін өздерінің алғашқы маңызды құжаты – білім туралы аттестаттарын алды. Биыл олардың сегізі үздік аттестат иегері атанды.

Мектеп үшін ерекше мақтаныш – түлектеріміздің жетістіктері. Бүгінде олардың 19-ы Жапония, Катар, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Гонконг, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия және Литвадағы жетекші жоғары оқу орындарына қабылданды. Сонымен қатар, 15-ке жуық түлек Nazarbayev University білім гранттарының иегері атанды.

Мектеп қабырғасында өткен жылдар білімге, ізденіске, жарқын жетістіктер мен ұмытылмас естеліктерге толы болды. Түлектеріміз халықаралық және республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, робототехника мен жасанды интеллект саласындағы байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп, мектеп пен елдің мерейін асқақтатты.

Салтанатты кештің құрметті қонағы, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлы үздік бітірген түлектерге аттестаттарды табыстап, өз құттықтауында жылы лебізін білдіріп, білім жолында табыс тіледі.

Сондай-ақ, келесі болып сөз алған 2026 жылғы түлектерге Alumni NIS өңірлік амбассадоры, 2024 жылғы түлек Ажар Әбитаева түлектерге жүрекжарды тілегін жеткізіп, олардың алдағы өміріне сәттілік пен жарқын болашақ тіледі.

Салтанатты кеш түлектер үшін мектеппен қоштасу сәті ғана емес, жаңа белеске бастайтын маңызды кезеңнің басталуын айқындады. Түлектерге алдағы өмір жолында үлкен армандардың орындалуын, жаңа биіктерді бағындыруды және өз мақсаттарына нық қадаммен жетуді тілейміз.

Жолдарыңыз ашық, жетістіктеріңіз мол болсын!

Фотогалерея

image-
image-
image-