logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Талдықорған қаласындағы NIS оқушылары халықаралық инженерлік олимпиадада екі алтын медаль жеңіп алды

02 шілде 2026 10:30

2026 жылғы 30 маусым – 1 шілде аралығында Алматы қаласында Almaty Tech Cup XII: AGE of AI робототехника чемпионаты аясында өткен World Space Olympiad халықаралық инженерлік жарысы өз мәресіне жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары екі алтын медаль иеленді.

🥇 «OuterWorlds — ғарыштағы жер колонияларын жобалау» санаты бойынша алтын медаль иегерлері:

Немытова Анна Вадимовна – 11Е сынып оқушысы;

Голованов Артур Денисович – 12D сынып оқушысы.

Жобаның ғылыми жетекшісі – Авдюнин Н.В.

🥇 «Inventors — жаһандық мәселелерді шешуге арналған инженерлік жобалар» санаты бойынша алтын медаль иегері:

Маман Еңлік – 12С сынып оқушысы.

Жоба Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен бірлесіп әзірленді:

Шохан Сания – 12М сынып;

Жұрынбаева Ажар – 12М сынып;

Салтыбаев Даулет – мектеп түлегі.

Жобаның ғылыми жетекшісі – Авдюнин Н.В.

Оқушыларымызды және ғылыми жетекшісін халықаралық додадағы жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!

Фотогалерея

image-