Хабарландырулар
Тараз қаласындағы «физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ата-аналарына арналған жадынама.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
2025-2026 оқу жылына оқушыларға жатақханада тұруға орын беру туралы өтініштер мен тиісті құжаттар 2025 жылдың 2 маусым мен 14 маусым аралығында https: //otinish.nis.edu.kz/ «Жатақханаға өтініштерді беру және қарау Сервис» арқылы электронды форматта қабылданатынын хабарлаймыз.
Жатақханаға орындар бөлуге қатысты Комиссияның отырысы 2024 жылдың 24 маусымында өтеді.
Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру Ережелерімен толығырақ мына сайттан танысуға болады:
https://www.nis.edu.kz/ru/obshchezhitie
ü Өтініш берген кезде оқушының заңды өкілі өтінішті келесі құжаттармен бірге береді:
1) туу туралы куәліктің көшірмесі (номері екінші болған жағдайда екінші беті де қажет)
2) оқушының жеке куәлігінің көшірмесі (16 жастан бастап);
3) оқушының заңды өкілдерінің жеке куәлігінің көшірмесі.
Егер оқушы толық емес отбасынан болса:
· қайтыс болу туралы куәлік;
· некені бұзу туралы құжаттар;
4) заңды өкілдердің жұмыс орнынан анықтамалардың сканерленген түпнұсқалары немесе жұмыссыз мәртебесі туралы анықтама немесе нөлдік кірісті растаумен соңғы 6 айдағы БЖЗҚ –дан анықтама.
5) egov.kz электрондық үкімет порталынан оқушының заңды өкілдерінің жеке кабинетінен міндетті түрде тіркеу күні көрсетілген тіркелген мекенжайы бойынша деректер (скриншот).
Оқушының тұрғылықты жері олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып танылады.
Өтініш берген кезде мекенжайдағы тіркелген мерзімі кем дегенде соңғы 2 (екі) жыл болуы тиіс.
Өтініш берген кезде ерекше жағдайларды қоспағанда мекенжайдағы тіркелген мерзім 2 жылға толмаса, жұмысының ауысуына қатысты немесе басқа да отбасылық жағдайларға байланысты басқа жерге көшкенін растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсынуы тиіс:
· жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың көшірмесі;
· еңбек шартының көшірмесін;
· белгіленген заңнамада берілген БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы соңғы 6 айдың ақпарат;
· жалға алу, сатып алу-сату шарты немесе көшіп барған жерінен тұрғын үй алғандығын растайтын құжаттар оқушының заңды өкілдері үшін қолданылады.
ü Қажет болған жағдайда Комиссияның құқығы бар:
· Тіркелген мекенжайда оқушы мен оның заңды өкілдерінің нақты тұрғылықты жерін растайтын құжаттарды тексеруге және сұрауға;
· заңды өкілдер ұсынған мәліметтердің дұрыстығын, қажет болған жағдайда тіркеу мекенжайына барып мерзімді түрде тексеріп отыруға.
«Жатақханаға өтініш беру және қарау қызметі Сервисі»
2025 жылдың 2-14 маусым күндері тәулік бойы жұмыс істейтін болады.
Қабылдау комиссиясының құжаттарды тексеру мерзімі:
Дүйсенбі-жұма: 9:00 -18:00 сағат аралығында.
Түскі үзіліс: сағат 12.00-13.00
2025-2026 оқу жылына жатақханадан орын берілетін оқушылардың тізімі 2025 жылдың 26 маусымында жатақханадан орын беру жөніндегі Комиссия отырысынан кейін мектеп сайтында орналастырылады.
Құжаттарды қабылдауға жауапты тәрбиешілер:
8 705 797 47 68 Турысбекова Гаухар Есиркеповна
8 747 885 22 50 Мырзабаева Надира Ауезхановна
8 707 631 30 08 Байсенгирова Қарлыға Лестаевна
Жатақхана меңгерушісі:
Кулумбетова Эльмира Ауесбековна 8 702 213 44 73